"Қайрат" Чемпиондар лигасының екінші кездесуінде жеңіске жете алмады

©"Қайрат" ФК

Алматылық "Қайрат" футзал командасы Чемпиондар лигасы Элиталық кезеңінде екінші кездесуін өткізді, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Балуан Шолақ атындағы спорт кешенінде чехиялық "Хрудим" командасына қарсы өткен кездесу 1:2 есебімен аяқталды. 

Бұл кездесудің екінші таймында Марко Радованович (23-минут) есепті ашты. Ал 25-минутта Матеуш Торреш есепті еселеді. 

Алматылық команда сапында Вилела ойынның бітуіне бір жарым минут қалғанда бір гол соқты. 

Енді "Қайрат" командасы соңғы кездесуін 26 қараша күні "Бенфикаға" қарсы өткізеді. 

Бұл топта "Бенфика" мен "Хрудим" командалары көш бастап тұр. Олардың еншісінде төрт ұпай бар. Ал "Қайрат" пен "Луксол" командаларында бір ұпайдан.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: