"Қайрат" Чемпиондар лигасының екінші айналымында кіммен кездесетіні белгілі болды

Сурет: ФК "Кайрат"©

Ньонда 2021/22 жылғы Чемпиондар лигасының екінші айналымы бойынша жеребе өтті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

"Қайрат" израильдің "Маккаби" командасын жеңсе, екінші айналымда белградтық "Црвена Звездамен" кездеседі. Ойындар 20/21 және 27/28 шілде күндері болады.

Алматылық клубтың Хайфалық "Маккаби" командамен бірінші кездесуі 6-7-шілде күндері, ал қарымта кездесу 13-14-шілде Алматыда өтеді. 

Естеріңізге сала кетейік, "Қайрат" "Маккабимен" 2020/21 маусымындағы Еуропа Лигасы іріктеу ойындарында кездескен болатын. Израильде өткен бір ғана ойын нәтижесі 2:1 есебімен қазақстандықтардың жеңілісімен аяқталған. 

Метки: