Футбол
25 қараша 09:32

"Қайрат" Чемпиондар лигасының 10 гол соғылған матчінде жеңіске жетті

©instagram.com/afckairat

Алматылық "Кайрат" футзал клубы Чемпиондар лигасының 1/8 финалының алғашқы матчінде бельгиялық "Спортинг-Андерлехтті" ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Брюссельдегі матч казахстандық клубтың пайдасына 7:3 есебімен аяқталды.

Екінші минутта Кайо Руис "Кайратты" есепте алға шығарды. Алаң иелері бұған үш голмен жауап қайтарды: үшінші минутта Ранжел мен Грелло көзге түсті. Оныншы минутта Панеш Феликс гол соқты.

Алматылық команда қайта жинақталып, есепті теңестіруге жақындады: 11-минутта Оливейра да Сильва есепті 3:2 етсе, 12-минутта Отанья нәтижені теңестірді.

Тартысты өткен бірінші таймнан айырмашылығы, екінші бөлімі толықтай алматылық команданың пайдасына шешілді. 21-минутта Дәурен Тұрсағұлов қонақтарды екінші рет алға шығарды. Бес минуттан кейін Да Сильва бельгиялық клуб қақпасына бесінші голды соқты. 29-минутта Биржан Оразов есепті 6:3 етті.

Ойынға нүктені матчтің аяқталуына 30 секунд қалғанда Отанья қойды.

Командалар арасындағы қарымта матч 5 желтоқсанда Алматыда өтеді.

Айта кетейік, "Семей" алғашқы матчте поляк "Пяст" клубын қабылдады. Ойынның аяқталуына бес минут қалғанда казахстандық клуб 3:0 есебімен алда тұрған, алайда қонақтар жеңілістен құтылып, есепті 3:3 етті. Шешуші гол матчтің бітуіне төрт секунд қалғанда соғылды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport