УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің бесінші турындағы матчте "Копенгаген" клубы алматылық "Кайратпен" өз алаңында онйнады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Кездесу Копенгаген қаласындағы "Паркен" стадионында өтті (Дания) және алаң иелерінің пайдасына 3:2 есебімен аяқталды.
Алғаш болып есепті алаң иелері ашты. 26-минутта Виктор Дадасон "Копенгагенді" есепте алға шығарды.
59-минутта Джордан Ларссон пенальтиден гол соғып, алаң иелерінің артықшылығын еселей түсті. Ал 73-минутта Роберт есепті тағы арттырды.
81-минутта "Кайрат" есепті қысқарта алды. Дастан Сатпаев тарихи гол соқты.
90-минутта Олжас Байбек есепті минимумға дейін қысқартты, алайда, алматылық клубтың бұдан арыға шамасы жетпеді.
"Кайрат" үшін бұл Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі төртінші ұтылыс. Ал "Копенгаген" бірінші жеңісіне жетті
"Кайраттың" Чемпиондар лигасындағы матчтар кестесі:
? 9 желтоқсан: "Кайрат" – "Олимпиакос" (20:30)
? 20 қаңтар: "Кайрат" – "Брюгге" (20:30)
? 29 қаңтар: "Арсенал" – "Кайрат" (01:00).