Бүгін, 28 тамызда, 2025/26 маусымындағы Лига чемпиондарының негізгі кезеңіне жеребе тарту рәсімі өтеді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Жеребе тартуға 36 клуб қатысады, олардың қатарында алматылық "Қайрат" бар. Бұл клуб тарихындағы алғашқы негізгі кезеңге жолдама. "Қайрат" жеребе тарту алдында төртінші себетке түсті.
Жеребе тартудың тікелей трансляциясы
Жеребе тарту рәсімінің тікелей көрсетілімі Qazsport телеарнасынан көрсетіледі. Басталуы Қазақстан уақытымен 21:00.
Еске салайық, алматылық команда Лига чемпиондарының плей-офф кезеңіндегі жауапты матчта шотландиялық "Селтикпен" тең ойнаған болатын (0:0). Нәтижесінде "Қайрат" пенальти сериясында 3:2 есебімен жеңіске жетіп, қақпашы Темірлан Анарбековтың ерлігі арқасында негізгі кезеңге өтті.
Жарнама