"Қайрат" Чемпиондар лигасына "Барселона" түлегін қосатын болды

Сурет: "Қайрат" ФК

"Қайрат" футбол клубы Чемпиондар лигасы іріктеуінің екінші раундындағы сербиялық "Црвена Звездамен" ойынға камерундық қорғаушы Маки Баньякты қосатын болды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Футболшы УЕФА ұйымының ресми сайтындағы алматылық клубтың берген тізіміне кіріпті, алайда, мұның алдында Макидің физикалық дайындығы нашар деп құрамға қосылмай жүрген еді. 

"Қайрат" пен "Црвена Звезда" арасындағы бірінші матч бүгін, Алматыдағы Орталық стадионда өтеді. Басталуы 20:00-де.

Қарымта кездесу 29 шілде Белградта өтеді.