"Қайрат" Чемпиондар лигасы іріктеуінің бірінші матчінде "Црвена Звезданы" ұтты
"Қайрат" футбол клубы Чемпиондар лигасы іріктеуінің екінші раундында сербиялық "Црвена Звезда" командасын жеңді, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Қайрат" футбол клубы Чемпиондар лигасы іріктеуінің екінші раундында сербиялық "Црвена Звезда" командасын жеңді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Алматының Орталық стадионында өткен ойын 2:1 есебімен алаң иелерінің жеңісімен аяқталды.
12-минутта Косович жамбастың артқы бетінің бұлшықетін созып алды, нәтижесінде оны алаңнан алып кетті, ал оның орнына Қазақстан құрамасының қорғаушысы Ян Вороговский алаңға шықты. 24-минутта Хосе Канте допты қақпаға дәл бағыттады.
Алайда 57-минутта Дино Миканович жасалған соққыны қайтарамын деп өз қақпасына гол соғып алды. Ал 79-минутта алматылық клуб футболшылары жеңіс голын соқты. Маки Баньяк сербиялықтар қақпасынан саңылау тапты.
Енді қарымта ойын 29 шілде Белградта өтеді.
Айта кетейік, командалар еурокубоктерде кездескен болатын. 2002 жылы УЕФА кубогы біліктілігінің бірінші раунды аясында "Қайрат" екі ойында да 0:2 және 0:3 есебімен жеңіліп қалған еді.
Алайда, 2015/16 жылғы маусымда алматылық клуб Еуропа Лигасының іріктеу кезеңінде сенімді реванш өткізді. "Қайрат" сербиялық клубты 4:1 есебімен жеңді.
Жарнама