"Қайрат" пен "Виктория Пльзень" клубтары бразилиялық шабуылшы Рикардиньоны бір жылға жалға алу туралы келісімге келді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Рикардо Виана Фильо — Сан-Паулу штатынан шыққан, осы аттас клубтың түлегі. Кәсіби мансабын "Гремиода" бастаған, кейін "Атлетико Гоияниенсе" (Бразилия) және "Маритиму" (Португалия) клубтарында ойнаған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
2023 жылдың басында болгариялық "Левскиге" ауысып, команда көшбасшыларының біріне айналды. Ол 56 матчта 20 гол және 8 нәтижелі пас берді.
2024 жылғы жазда Чехияның "Виктория Пльзень" клубымен келісімшартқа отырып, оның сапында УЕФА Еуропа лигасының топтық кезеңінде ойнады.
2025 жылдың алғашқы жартысында израильдік "Маккаби" Хайфада 11 матч өткізіп, 1 гол соқты.
Жарнама