Алматылық "Қайрат" бресттік "Динамодағы" 23 жастағы Роман Юзепчукті өз сапына қоспақ. Бұл туралы беларусьтік журналист әрі инсайдер Владислав Татур өзінің телеграм арнасында хабарлады.
Оның мәліметінше, трансфер алдағы кезеңде болады. Оны алматылықтар сапына қосуға қазақстандық клуб бапкері - белоруссиялық маман Алексей Шпилевский ниетті екен.
Еске салайық, ҚПЛ-2020 қорытындысы бойынша "Қайрат" 16 жылдан кейін алғаш рет чемпион атанып отыр.