Футбол
18 қыркүйек 09:01

"Қайрат" бүгін чемпионодар лимгасында тарихи матчін өткізеді

©"Қайрат" ФК

Бүгін, қыркүйектің 18-нен 19-на қараған түні алматылық "Қайрат" Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде алғашқы матчін өткізеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Рафаэль Уразбахтиннің командасы Португалия астанасы Лиссабонда жергілікті "Спортинг" командасымен ойнайды. Кездесу Астана уақытымен 00:00-де басталады. Тікелей эфирді Qazaqstan телеарнасынан тамашалуға болады, трансляция 23:50-де басталады.

Айта кетейік, алматылық команда алдағы уақытта мадридтік "Реалмен" (өз алаңында), кипрлік "Пафоспен" (өз алаңында), миландық "Интермен" (сыртта), даттық "Копенгагенмен" (сыртта), грек "Олимпиакоспен" (өз алаңында), бельгиялық "Брюггемен" (өз алаңында) және лондондық "Арсеналмен" (сыртта) кездеседі.

Еске салайық, "Қайрат" Чемпиондар лигасын іріктеу кезеңінен бастаған. Бірінші іріктеу раундында алматылықтар словениялық "Олимпияны" (1:1, 2:0), екінші кезеңде финдік КуПС-ті (0:2, 3:0), үшінші кезеңде словакиялық "Слованды" (1:0, 0:1 – пенальтиде 4:3) және плей-офф кезеңінде шотландиялық "Селтикті" (0:0, 0:0 – пенальтиде 3:2) ұтты.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport