Бүгін, 29 шілдеде Алматының "Қайрат" клубы Чемпиондар лигасы екінші іріктеу кезеңінің қарымта матчында Кипрдің "Омониясын" қабылдайды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Кездесу Алматыда өтіп, жергілікті уақытпен сағат 20:00-де басталады.
Матчты Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Сондай-ақ трансляция телеарнаның ресми сайтында да қолжетімді болады.
Кездесуге Норвегиядан келген төрешілер бригадасы қызмет көрсетеді.
Бас төреші: Рохит Сагги;
Қапталдағы төрешілер: Андерс-Олав, Уле-Андреас Хаукосен;
Төртінші төреші: Мариус Хансен-Гретта;
VAR төрешісі: Микаэль Фаббри (Италия);
VAR ассистенті: Кристоффер Хагенес.
Командалар арасындағы алғашқы кездесу "Омонияның" 1:0 есебімен жеңісімен аяқталған болатын. Ойын тағдырын шешкен жалғыз голды 13-минутта Панайотис Андреу соқты.
Екі матч қорытындысы бойынша жеңіске жеткен команда Чемпиондар лигасы үшінші іріктеу кезеңінде Болгарияның "Левски" және Румынияның "Университатя Крайова" клубтары арасындағы жұптың жеңімпазымен кездеседі.