"Қайрат" бірінші турда "Ақтөбені" ұтты

©Қайрат ФК

Футболдан Қазақстан чемпионатының бірінші турында "Қайрат" батысқазақстандық "Ақтөбені" ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

"Орталық" стадиондағы матчтың бірінші таймында гол соғылмаса, үзілістен кейін алаң иелері екі рет ерекшеленді. "Ақтөбе" қақпасының алдында Жоао Паулоға қарсы тәртіп бұзылып Хосе Канте есеп ашса, ойынның соңына қарай Канте дубль авторы атанды.

Енді "Қайрат" наурыз айының 11 жұлдызы қонақта "Мақтааралмен" кездессе, "Ақтөбе" өз алаңында "Атырауды" қабылдайды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар