"Қайрат" бразилиялық форвард үшін рекордты сомма ұсынды

© "Хайдук" ФК
Алматылық "Қайрат" хорватиялық "Хайдук" клубына бразиялық шабуылшы Хайро да Силваның трансфері бойынша ұсыныс жасады, - деп хабарлайды Index.hr.

Мәлімет бойынша, қазақстандық клуб "Хайдукке" 2,5 миллион еуро көлемінде өтемақы ұсынған, бұл алматылық команда үшін рекорд. Сонымен қатар, "Қайрат" футболшыға хорватиялық комададан гөрі артығырақ еңбекақы төлеуге дайын. 

"Хаирода жақсы ұсыныстар бар. "Хайдук" басшылығы клуб үшін не жақсы екенін шешеді. Бірнеше күннен кейін анық болады. Хаиро мықты ойыншылардың бірі, біз үшін маңызды фактор", - дейді команда бапкері Иван Тудор.

Осы маусымда Хайро да Силва "Хайдук" үшін 23 матчте сегіз гол салып, екі нәтижелі пас берді. Оның хорватиялық клубпен келісімшарты 2022 жылға дейін есептелген.

Transfermarkt 27 жастағы бразилиялықтың трансферін екі миллион еуроға бағалап отыр.
Жаңалықтар