Футбол
Бүгін 18:38

"Қайрат" Бразилия құрамасындағы екі талантты ойыншыны сапына қосты

©instagram.com/jpquixere02

Алматылық "Қайрат" АФК жаңа маусым қарсаңында трансферлік нарықта белсенді жұмысын жалғастырып, дәстүрлі түрде бразилиялық футболшыларға назар аударуда. Жақын арада команда құрамына Бразилиядан екі легионер қосылады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Биылғы жазда "Қайрат" негізгі легионерлерінің және Қазақстан құрамасының бірнеше ойыншысымен қоштасты. Осыған байланысты клуб кеткен футболшылардың орнын жедел толықтыруға кірісті.

Луис Камило шабуыл шебін күшейтеді

Сол аяқпен ойнайтын шабуылшы позициясына алматылық клуб 22 жастағы бразилиялық Луис Камилоны таңдады.

Жас футболшы осы уақытқа дейін тек Бразилия клубтарында өнер көрсеткен. Соңғы маусымда ол ACBF сапында ойнады. Бұған дейін Луис Камило Бразилияның жастар құрамасына да шақырылған.

"Қайрат" пен футболшы арасындағы келісімшарттың барлық шарттары келісілген. Ол команданың оқу-жаттығу жиыны басталғанға дейін Алматыға келуі тиіс.

Жоао Педромен де келісім бар

Алматылық клубтың тағы бір трансферлік мақсаты – қорғаушы Жоао Педро. Тараптар оның ауысуына қатысты келісімге келген.

24 жастағы қорғаушы да Бразилия жастар құрамасына шақырылған. Сонымен қатар оның шетел чемпионатында өнер көрсету тәжірибесі бар. Өткен маусымда Жоао Педро Испания жоғары дивизионында өнер көрсететін "Альзира" клубының намысын қорғады.

Айта кетейік, бұған дейін "АФК Қайрат" ресейлік шабуылшы Камиль Герейхановтың ауысқанын ресми түрде жариялаған болатын. Ол бұған дейін "Семей" клубында ойнаған.

Сондай-ақ алматылық клуб Ресейден тағы бір ойыншы – Павел Карповпен келісімшартқа қол қойған еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport