"Қайрат" бортында футболшылар отырған ұшақ апатының мән-жайын айтты

©"Қайрат" ФК

"Қайрат" бортында футболшылары мен бапкерлер штабы болған ұшақтың көлікпен соқтығысуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Төтенше оқиға 22 қазан күні таңертең Алматы халықаралық әуежайында болған. FlyJet ұшағы Renault көлігімен соқтығысқан.

"Шынында да, "Қайрат" ФК футболшылары мен бапкерлер штабы бортта болды. Бақытымызға орай, ешкім зардап шеккен жоқ. Команда біраз уақыт ұшақта болды, содан кейін клуб базасына кетті. 24 қазан, жексенбі күні өтетін "Қайрат" - "Астана" маңызды матчының алдында кешке жаттығу болады", - деп мәлімдеді "Қайрат" ФК баспасөз қызметі.

Айта кетейік, осы рейспен "Қайрат" Бакуден "Карабахқа" қарсы өткен Конференция лигасының топтық кезеңіндегі матчтен оралған еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport