"Қайрат" Бердыевтің жетекшілігімен бірінші матчінде ұтылды, ал "Тобыл" көш басына шықты

13 қыркүйек 2021 09:47
©"СЭ"\Дарья Исаева

Қазақстан чемпионатының 20-шы тур матчінде "Қайрат" клубы "Ордабасынан" ұтылды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Шымкентте өткен кездесу 2:1 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды.

Оныншы минутта Абдулайе Диакате есепті ашты. Ал 31-ші минутта Александр Клещенко есепті еселей түсті. Екеуіне де Чиди Осучукву ассист жасады. 

36-шы минутта алматылықтар азшылықта ойнай бастады, алаңнан Айбол Әбікен қуылды. 

73-ші минутта Хосе Канте бір гол салды, алайда, матч соңына дейін алматылықтар есепте өзгеріс жасай алмады. 

Ал Қостанайда өткен кездесуде "Тобыл" командасы "Каспийді" ұтты. Бұл ойын да 2:1 есебімен аяқталды. 

15-ші минутта Сергей Малый алаң иелерін алға шығарды, алайда, 40-шы минутта Рамазан Каримов есепті теңестірді. Осыдан кейін 77-ші минутта Алекс Аманович шешуші голды салды.

Осы жеңіс арқасында қостанайлықтар "Астанадан" бір ұпай артықшылығымен турнир кестесінде көш бастады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport