Алматылық "Қайрат" пен "Ақтөбе" жолдастық кездесу өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Алматыда өткен матч 3:0 есебімен ақтөбелік команда пайдасына аяқталды. Жеңімпаздар сапында Виталий Балашов, Әлібек Қасым мен Сердер Сердеров гол салды.
"Тараптар келісімімен матч жабық түрде өтті. Апталық оқу-жаттығу жиыны аясында ақтөбеліктер "Қайратпен" тағы бір матч өткізеді. Команда Алматыда 14 маусымға дейін болады", - делінген "Ақтөбе" клубының хабарламасында.
Еске салайық, 6 маусымда "Қайрат" Курбан Бердыевпен қош айтысты. Ал оның орнын Кирилл Кекер басты.