"Қайрат" Бауыржан Исламханды сапына алуы мүмкін

©"Қайрат" ФК

Алматылық "Қайраттың" бас бапкері Кирилл Кекер Vesti.kz тілшісіне берген сұқбатында жартылай қорғаушы Бауыржан Исламханның клубқа қайта оралуы туралы айтты. 

"Біз Бауыржанды жақсы білеміз. Ол клубтың нәтижелеріне сүбелі үлесін қосқан. Оның қайта оралғанынан қазақ футболы пайда табады. Мен Исламханмен кездестім. Басшылармен де ол туралы сөйлестік. Енді қараша-желтоқсан айына дейін күтейік. Сол кезде нақты ақпараты болады", - деді Кекер. 

Исламхан "Қайрат" сапында 2014 жылдан 2019 жылға дейін өнер көрсеткен. Ол команданың капитаны да болды. Жартылай қорғаушы допингпен ұсталып, енді екі айдан кейін қайта оралады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар