"Қайрат" футбол клубының жаңа бас директоры болып Асқар Есімов тағайындалды, деп хабарлайды команданың баспасөз қызметі.
Асқар Есімов Марат Баймұхановтың орнына бас директор болып келді.
40 жастағы маман спорт саласында тәжірибелі басшы, осыған дейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Дене шынықтыру және спорт комитетінде және Ескек есу федерациясында жұмыс істеген.