"Қайрат" футбол клубы Ресей чемпионатында өнер көрсететін ойы жоқ. Бұл туралы клуб директоры Асқар Есімов Sport24 басылымына берген сұхбатында айтты.
Басылымның мәлімдеуінше Ресейге қарсы спорттық санкциядан кейін ТМД елдері мен БРИКС (Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай, ОАР) елдері бірігіп футбол лигасын құруды қарастыруда.
Ресей чемпионатында сынға түсу жоспарыңызда бар ма? деген сұраққа: "Жоқ, себебі біз Қазақстан біріншілігінде ойнаймыз. Мұндай мәселе күн тәртібінде жоқ", - деді Есімов.
Еске салайық, "Қайрат" ел біріншілігінің үшінші турында 17 наурыз күні өз алаңында "Таразды" қабылдайды.