"Қайрат" бас бапкердің орнын басатын маманды таңдады

Сурет: "Қайрат" ФК

"Қайраттың" бас бапкері Кирилл Кекер Еуропа лигасынан шығып қалғаннан кейін отставкаға кетті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Алматылық команда екі ойын қорытындысы бойынша "Алашкертке" есе жіберіп, енді жарыс жолын Конференция лигасында жалғастырады. 

Кекер ойыннан кейін бірден қызметінен кететінін мәлімдеді. Осыған байланысты клубтың баспасөз қызметі команданы "Каспиймен" ойынға Артем Гавриленко жаттықтыратынын хабарлады. Маман Алексей Шпилевский кезінде бапкерлер штабында болған. 

Сурет: "Қайрат" ФК

Еске салайық, еурокубоктардағы жарысты "Қайрат" Чемпиондар лигасында бастады, онда екі матч қорытындысы бойынша "Црвена Звездадан" ұтылып, Еуропа лигасына түсіп қалған еді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport