"Кей БАҚ-та "Қайрат" ФК бас бапкері Алексей Шпилевскийдің коронавируске тесті індет барын көрсетті деген ақпарат тарады. "Қайрат" футбол клубы бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдейді.
⠀⠀⠀
Алексей Шпилевский 1 шілде "Қайрат" Алматыда "Жетісу" командасымен кездесу өткізерде бапкерлік орнында болмайтынын рас, бірақ, шеттеу себебінен. "Қайрат" ФК тек ресми дереккөздерге сенім артып, клуб сайты мен әлеуметтік желідегі парақшалардағы ақпаратты қарауға шақырады", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, Шпилевский "Шахтермен" ойында бас төрешіге бейәдеп сөйлегені үшін бес матчке (төртеуі шартты) шеттелген. Бұл ойында "Қайрат" 0:1 есебімен ұтылып, маусымда бірінші рет жеңілді.
⠀⠀