Құрбан Бердыев "Қайрат" командасында қалатын болды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Дереккөздің ақпараты бойынша, 69 жастағы маман алматылық команданың басшылармен келісімшартты бір жылға созу туралы бітімге келген. Келесі маусымда "Қайрат" Бердыевтің бастамасымен чемпиондық атақты қайтарып алуға ниетті.
"Танымал маман өзінің футбол философиясына сай футболшыларды іздестіруге кірісті. Бапкер жаңа ойыншыларды Қазақстан және Ресей біріншілігінен қарастыруда. Дегенмен де өткен маусымда "Қайрат" сапында ойнаған бірнеше футболшы командада қалады", - деп жазады дереккөз.
Еске салайық, Құрбан Бердыев "Қайраттың" тізгінін тамыз айының соңында ұстады. Бұл маманның қоластында "Қайрат" Қазақстан чемпионатында үшінші, Конференция лигасының топтық кезеңінде соңғы орын алып, Қазақстан кубогінің иегері атанды.
Желтоқсан айында командадан шабуылшы Вагнер Лав, қорғаушылар Камо Оганесян мен Денис Поляков кетті. Сонымен қатар, "Қайраттан" Ғафуржан Сүйімбаев, Стас Покатилов және Небойша Косович кетеді деген мәлімет бар.