"Қайрат" бапкермен бір шешімге келіп Ресей чемпионатында ойнамақ. Мән-жай белгіл болды

Сурет: "Қайрат" ФК

Ресейлік Кәсіпқой футбол лигасына (КФЛ) "Қайрат-Мәскеу" атты жаңа клуб қатысады, ол "Батыс" аймағында өнер көрсетеді, - деп хабарлайды Meta-ratings.kz.

Клуб өкілдері Алматыдан Мәскеу облысына аттанған, онда олар ұйымдастыру мәселелерімен айналысады. Турнирдің басталуы биыл тамызға жоспарланған.

"Қайрат-Мәскеу" Красногорскіде орналасады, өз алаңындағы ойындарын да сонда өткізеді. Команданы Кирилл Кекер жаттықтырады, оған Евгений Коструб пен Вадим Боровский көмектеседі.

Басылым мәліметінше, команданың негізгі ойыншылары "Қайраттың" дублі - "Қайрат-Жастар" сапынан құралады. "Қайрат-Жастар" қазір Қазақстан Бірінші лигасында ойнап жатыр. Бұл команданың негізгі футболшылары Ресейде ойнайтын клубқа ауысса, "Қайрат-Жастар" сапын академияның жас тәрбиеленушілері толтырады.