"Қайраттың" бас бапкері Рафаэль Уразбахтин Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі "Селтикке" қарсы қарымта матчтен кейін журналистер сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Негізгі және қосымша уақытта есеп ашылған жоқ, ал пенальти сериясында "Қайрат" 3:2 есебімен жеңіске жетіп, тарихта алғаш рет Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне жолдама алды.
– Егер Заруцкий жарақат алып қалмаса да, Анарбековты пенальти сериясына дайындалды ма?– Мұндай нұсқаны біз Словакияда ойладық. Бірақ сол кезде құрамда ештеңе өзгертпейміз деп шештік. Қазір қақпашылар бапкері маған айтты: "Темірлан сенімді ойнайды. Ол оларды біледі". Солай болды да.
– Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне өткеннен кейінгі міндеттер қандай?– Басты мақсат – чемпион болу, Кубок жеңіп алу және еурокубоктардың тобына шығу. Біз нақты Чемпиондар лигасының тобына шығамыз деп ойламадық. Бірақ ең болмағанда Еуропа лигасы немесе Конференция лигасының тобын қалап едік. Енді бәрі сәтті өтіп, осыған жеттік. Жігіттерге айтып жатырмын: "ал енді дайын болыңдар деп". Бірақ нақты мақсаттар жайлы айтуға ерте.
– Қандай қарсылас түссе дейсіздер?– Бұл туралы мүлде ойлаған жоқпын. Ойын алдында балаларға топта кімдер бар екенін көрсеттік – бәрі мықты командалар. Тіпті, сол командалардың суреттерін шығарып, киім ауыстыратын бөлмеге іліп қойдық. Бұл – менің шешімім болды. Балалар соларды көрсін дедім. Атақты қарсыластармен ойнағымыз келеді. Мүмкін, өмірде бір-ақ рет сондай клубтарға қарсы шығасың.
Тағы да егер бізде Глазгодағыдай стадион болғанда, жанкүйерлеріміздің көз алдында сондай ойын өткізу арманы.
– Көп ойыншы жарақат алды. Қатарды қалай қалпына келтіресіздер? Чемпионат пен еурокубоктарды қалай үйлестіресіздер?– Мақсат – чемпион болу. Соңына дейін күресеміз. Көптеген жарақаттар бұлшық етке байланысты. Біз мұндай қарқынды графикке үйренбегенбіз. Бірақ бізде ойыншылар жеткілікті, әрқайсысы өз мүмкіндігін пайдалануы керек.
– Қазақстан құрамасын жаттықтыруға дайынсыз ба?– Ондай әңгімені естіген жоқпын. Қазірше ерте. Мен әлі бұл жерде алғашқы қадамымды жасап жүрмін.
– Өзіңізді "Қайрат" тарихындағы үздік бапкер деп санайсыз ба? Бұрын үздік деп Владимир Вайсс аталған, сіз оны жеңдіңіз...– Жоқ, мен ондай деп ойламаймын. Мен жер басып жүрген адаммын. Үйренерім әлі көп.
– Заруцкий, Зариа мен Эдмилсонды қашан көреміз?– Заруцкий бір ай ішінде қатарға қосылады деп күтіп отырмыз. Эдмилсон да көп уақыт жоғалтпайды. Ал Зарианың микрожарақаты бар. Бір апта немесе одан да көп болуы мүмкін. Словакияда ауыр қақтығыс болды. Басында жай ғана соққы деп ойладық, бірақ жарақат күрделі болып шықты.
Еске салайық, Глазгода өткен алғашқы ойында да тең есеп (0:0) тіркелген еді. Қос кездесудің нәтижесі бойынша "Қайрат" Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне өтті, ал "Селтик" енді Еуропа лигасында өз жолын жалғастырады.