Футбол
22 тамыз 13:48

"Қайрат" бапкері "Селтикпен" матчте Сәтбаевты "шаршағанда" неге аустырмағанын айтты

©"Қайрат" ФК

Алматылық "Қайрат" клубының бас бапкері Рафаэль Уразбахтин Шотландияның "Селтик" командасына қарсы Чемпиондар лигасы плей-офф кезеңінің бірінші матчінде Дастан Сәтбаевты алаңда неге алмастырмағанын түсіндірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Матч Глазго қаласында өтіп, 0:0 есебімен аяқталды. Ойын соңында Сәтбаев сары қағаз алып, қарымта ойынға қатыса алмайды.

- Сіз бар болғаны екі ғана ауыстыру жасадыңыз. Матч өте шиеленісті болды, ал Сәтбаев сары қағазы бар еді - қауіпті жағдай. Неліктен оны алмастырмадыңыз? Әлі де 2-3 ауыстыру мүмкіндігіңіз болған сияқты?

- Иә, біз бұл тақырыпта өзара сөйлестік. Бірақ Дос (Дастан Сәтбаев) қарсыластың қозғалыстарын жақсы түсініп алған еді. Біз, керісінше, ауыстыру жағдайды қиындатып жібереді деп қорықтық.

Оның шаршағанын білдік, тіпті сары қағаз алып қалу қаупі де бар еді. Бірақ ол жерде жай ғана инерциямен аяғын көтеріп жіберді. Сондықтан біз оны соңына дейін қалдыруды жөн көрдік. Бірнеше рет өзінен де сұрадық: "Өзіңді қалай сезініп тұрсың?", ол: "Ойнай аламын" деді, – деп түсіндірді Уразбахтин QSport-қа берген сұхбатында.

Айта кетейік, "Қайрат" пен "Селтик" арасындағы қарымта матч 26 тамыз күні Алматыдағы "Орталық" стадионда өтеді.
 
 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport