Курбан Бердыевтің көмекшісі Дмитрий Кириченко алматылық "Қайраттан" неге кеткенін және болашақ қызметі жайлы "РБ Спорт"-қа берген сұқбатында айтып берді.
"Себебін өздеріңіз анықтай жатарсыздар. Клуб пен клуб басшылығы арасындағы мәселелерді білесіздер деп ойлаймын. Ал алдағы жоспарларым бойынша - қазір ештеңе белгісіз. Ресейдемін. Бердыевтің командасында қалатын шығармын. Оны да нақты айта алмаймын" - дейді "Қайраттың" бұрынғы бапкері.
Естеріңізге сала кетейік, 6 маусым күні Бердыевтың бапкерлік штабы "Қайраттан" кеткені туралы ақпарат шықты. Оның басшылығымен команда биылғы маусымда 12 ойында 16 ұпай жинап, турнир кестесінде 8-орынға жайғасқан еді.