Бүгін футболдан Қазақстан Премьер-лигасының соңғы 26-тур ойындары өтеді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Келесі командалар өзара кездеседі:
«Елімай» – «Атырау”
«Жеңіс» – «Қайсар»
«Жетісу» – «Қызылжар»
«Ұлытау» – «Тобыл»
«Қайрат» – «Астана»
«Ақтөбе» – «Ордабасы»
«Оқжетпес» – «Тұран».
Барлық ойын Астана уақытымен 15:00-де басталады.
Турдың басты кездесуі Алматыда өтеді — мұнда «Қайрат» өз алаңында «Астананы» қабылдайды. Бұл ойын ел чемпионын анықтайды: алаң иелеріне тең нәтиже жеткілікті болса, қонақтарға чемпион атану үшін тек жеңіс қажет.
«Қайрат» – «Астана» матчын тікелей эфирде Qazsport телеарнасы көрсетеді, сонымен қатар трансляция арнаның ресми сайтында да қолжетімді болады.
Қалған ойындарды KFF League YouTube арнасынан көруге болады.