Бүгін, 14 мамырда, Қазақстан Кубогының 1/4 финалдық кезеңінің матчтары өтеді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Келесі кездесулер өтеді:
• "Қызылжар" - "Елімай" (18:00),
• "Ордабасы" - "Қайрат" (18:00),
• "Жеңіс" - "Астана" (20:00),
• "Тұран" - "Тобол" (20:00).
"Ордабасы" мен "Қайрат", сондай-ақ "Жеңіс" пен "Астана" ойындарын тікелей эфирде Qazsport телеарнасы көрсетеді, трансляциялар телеарнаның ресми сайтында қолжетімді болады.
"Қызылжар" мен "Елімай", сондай-ақ "Тұран" мен "Тобол" ойындарын Sport+ телеарнасынан көруге болады.
Кейбір матчтарды YouTube-тегі KFF League арнасынан тамашалауға болады.
Жарнама