"Қайрат" англиялық "Лестердің" экс шабуылшысын сапына қосты

Сурет: eurosport

Алматылық "Қайрат" мәскеулік ЦСКА командасының бұрынғы шабуылшысын сапына қосқанын хабарлады,- деп жазады Vesti.kz.

 Ахмед Муса - Нигерия құрамасы тарихындағы ең жас капитан (22 жасында). Ресей чемпионаты тарихында африкалық футболшылар арасында екінші бомбардир (135 матчте 48 гол).

Ол JUTH (Джос), "Кано Пилларс" (екеуі де Нигерия), "Венло" (Голландия), ПФК ЦСКА, "Лестер" (Англия) командаларында ойнады.

 "2012 және 2013 жылдары Ахмед Муса мен Вагнер Лав мәскеулік ЦСКА клубында өнер көрсетті. Бұл оның алматылықтар сапына қосылуында басты рөл атқарды", - делінген баспасөз хабарламасында.