"Қайрат" Әліптің ресейлік "Зенит" сапына ауысқанын растады

©"Қайрат" ФК

Алматылық "Қайрат" Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліптің ресейлік "Зенит" сапына ауысқанын растады, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

"Қайрат" пен "Зенит" қорғаушыны бір жылға жалға алу туралы келісімге келді. Ресейлік командада футболшыны кейін сатып алатын құқығы бар. 

"Қайрат" футбол командасы Нұралыға сәттілік пен "Зенит" сапында көбірек ойнауды тілейді", - делінген алматылық клуб таратқан ақпаратта. 

22 жастағы Әліп - "Қайрат" академиясының түлегі. 2018 жылы ол алматылық команданың негізгі құрамында алғашқы кездесуін өткізді. 

"Зенит" ресми түрде Нұралы Әліпті қатарына қосқанын хабарлады

Жалпы бас-аяғы ол "Қайрат" сапында 99 кездесуге қатысып, бес гол соғып, төрт нәтижелі пас берген. Командамен бірге қорғаушы Қазақстан чемпионы атанып, Қазақстан кубогінде екі рет топ жарды. Ал Қазақстан ұлттық құрамасы сапында 12 кездесу өткізген. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар