Бүгін, 16 наурызда футболдан Қазақстан чемпионатының екінші туры аясында жеті кездесу өтеді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Алаңға шығатын командалар:
• "Ұлытау" – "Қызылжар" (14:00)
• "Елімай" – "Алтай" (15:00)
• "Тобыл" – "Жетісу" (17:00)
• "Ертіс" – "Атырау" (19:00)
• "Қайрат" – "Ақтөбе" (19:00)
• "Қайсар" – "Астана" (19:00)
• "Жеңіс" – "Ордабасы" (20:00)
"Тобыл" – "Жетісу" және "Қайрат" – "Ақтөбе" матчтары тікелей эфирде Qazsport телеарнасынан көрсетіледі. Сонымен қатар, трансляция арнаның ресми сайтында да қолжетімді болады.
Бұдан бөлек, барлық ойындарды KFF League YouTube-арнасынан да тамашалауға мүмкіндік бар.