"Қайрат" 30 жастағы Эсеоланы жастар командасына жіберді

Сурет: "ҚАйрат" ФК

"Қайрат" шабуылшысы Адеринсола Эсеола бірінші лигада ойнайтын "Қайрат-Жастар" командасына ауыстырылды. Бұл туралы "Тень отца Гурмана" телеграм арнасы хабарлап отыр. 

Мәлімет бойынша, мұндай шешімді бапкерлер штабы мен алматылық клуб басшылғы бірге қабылдаған. 

"Кейінгі жылы украиналық шабулышы көрсетіп жүрген ойын дәрежесін ескерсек, таңқалатын да ештеңе жоқ сияқты. Егер бір қызық жағдайды айтпағанда: 28 маусымда Эсеола отызға келеді. Ал оны жастарға...", - деп жазады паблик. 

Еске салайық, 11 тур қортыныдысы бойынша "Қайрат" төртінші орында келеді. Сыбыстар бойынша алматылық команда Алексей Шпилевскийді ауыстыру жолдарын қарастырып жатыр.