Футбол
7 тамыз 08:36

"Қайрат" 16 жастағы Дастанның арқасында Чемпиондар лигасы матчінде жеңді

©Vesti.kz/Алихан Сариев

"Қайрат" Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңінің бірінші матчінде "Слован" клубын ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Ойын басталған сәттен-ақ "Қайрат" алға ұмтылып, бірқатар қауіпті сәттер жасады. Алайда "Слован"  голкипері өз қақпасын сенімді қорғап, команданы бірнеше рет құтқарып қалды. Уақыт өте келе словакиялық клуб алаң иелерінің алғашқы қарқынын тежеп, ойын тең дәрежеде өрбіді.

15-минутта бұрын "Қайсар" мен "Астанада" ойнаған "Слован" жартылай қорғаушысы Тигран Барсегян қарсылас команда оййыншысын итеріп жібергені үшін сары қағаз алды. Он минуттан кейін "Қайрат" ойыншысы Еркін Тапалов та үшін дәл сондай ескерту алды.

Алайда бұл ескертулер футболшылар үшін сабақ болмады. 65-минутта братиславалық клубтың жартылай қорғаушысы Рахим Ибрахим 15 минут ішінде екі рет "Қайрат" ойыншыларына қарсы ереже бұзып, екінші сары қағаз алды. Валерий Громыконы аяқтан шалу Ибрахим үшін ойындағы соңғы сәт болды - ол енді қарымта кездесуге қатыса алмайды.

Сан жағынан басымдыққа ие болған "Қайрат" бұл мүмкіндікті пайдаланды - 90-минутта 16 жастағы шабуылшы Дастан Сәтбаев төреші белгілеген пенальтиді сәтті орындап, командасына жеңіс сыйлады.

Матч соңында алаңға қосылған "Қайрат" шабуылшысы Рикардиньо да көзге түсті, бірақ, оның соққан голы офсайд салдарынан есепке алынбады. Осылайша кездесу 1:0 есебімен аяқталды.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport