"Қайрат" Қазақстан чемпионатының 10-туры аясындағы матчта сырт алаңда "Жеңіс" командасын ұтып, маңызды үш ұпайға ие болды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Кездесудің бірінші таймында командалар жанкүйерлерді голмен қуанта алған жоқ. Алайда екінші таймның басында алматылық клуб есеп ашты.
Жоржиньоның нәтижелі пасынан кейін Финляндия құрамасының вингері Ойва Юккола қарсылас қақпашысымен жеке-дара шығып, сәтті гол соқты.
65-минутта португалиялық Жоржиньо айып добынан кейінгі комбинацияны дәл аяқтап, есепті 2:0-ге жеткізді.
Ал 88-минутта Александр Широбоков допты өз қақпасына бағыттап алып, матчтағы тартысты қайта жандандырды. Дегенмен, "Жеңіс" камбэк жасай алған жоқ.
Осылайша, "Қайрат" 2:1 есебімен жеңіске жетіп, Қазақстан Премьер-лигасындағы көшбасшылық орнын сақтап қалды.
Қазіргі таңда алматылық ұжым 11 матчтан кейін 25 ұпай жинап отыр.
Жарнама