auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Қайдағы миллиард?". ҚФФ Франциядан жеңілгеннен кейін мемлекеттен қанша ақша алатынын мәлімдеді

"Қайдағы миллиард?". ҚФФ Франциядан жеңілгеннен кейін мемлекеттен қанша ақша алатынын мәлімдеді
©ҚФФ

Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Азамат Айтхожин 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Франциямен өткен ойынның (0:8) нәтижесіне қатысты пікір білдірді.

"Біріншіден, Франциямен ойындағы сәтсіздік үшін отандық жанкүйерлерден кешірім сұраймын. Біз әрбір жеңілісті ауыр қабылдаймыз. Тағы бір айтарым, негізгі құрамдағы ойыншылардың көпшілігі жарақатына байланысты Парижде ойнай алмады. Бүгінгі таңда бізде ұлттық құраманың резерві жоқ екенін айта кеткен жөн. Команда көшбасшыларын ауыстырған ойыншылар халықаралық деңгейде ойнауға әлі дайын емес.

Қоғамда айтылып жатқан сынға келетін болсақ, мен ашық айтайын: осы және өткен жылдары Қазақстан футбол федерациясына мемлекет бюджетінен 200 миллион теңге бөлініп, ол түрлі жастағы (U17, U19, U21), Blind-Football (зағип жандарға арналған футбол), әйелдер, жағажай және футзал командаларының оқу-жаттығу жиындарын ұйымдастыруға және жарысқа қатысуы үшін жұмсалды. Қандай миллиардтар туралы айтып отырғанын түсінбедім?

Келесі жылдан бастап Қазақстан футбол федерациясы мемлекеттік құрылымдар тарапынан жасалатын қаржыландырудан бас тарту туралы шешім қабылдады. Ұйым УЕФА-дан түскен қаражат есебінен, сондай-ақ, демеушілерден ақша тарту арқылы қаржыландырылады.

Сондықтан ұлттық құраманың сәтсіздігінен кейін өзін жарнамалағысы келетін сыншыларға айтарым: тым болмаса мәселені тереңінен түсініп көріңіз, бос сөз айтпас бұрын материалды зерттеңіз. Біздің елде футбол әрқашан болған және әрі қарай да бола береді. Бұл миллиондаған адамдар қызығатын нөмірі бірінші спорт түрі. Әрине, оны жаңа деңгейге көтеру үшін уақыт пен футболға бей-жай қарамайтындардың қолдауы қажет. Ұлттық құрама жеңіске жеткенде, кешегі таққан айыптарыңды ұмытып, үнемі қолдадым дейсіздер. Сондықтан, жеңілген күнде де, жеңіске жеткен кезде де әрқашан командамен бірге болу керек.

Сондай-ақ, алдағы уақытта ұлттық құраманың бас бапкерімен бірге қоғамды толғандырып жүрген сұрақтарға жауап беру мақсатында жетекші спорт журналистерімен кездесу өткізетінімізді айта кетейін", - деді Айтхожин.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама