Бразилия құрамасы мен "ПСЖ" шабуылшысы Неймарға күтпеген жерден жанкүйерлері тап берді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Футболшы Бразилия құрамасы орналасқан Порту-Алегри қонақүйінің маңына келіп тоқтаған автобустан түскен беті еді. Осы сәтте екі жанкүйер Неймарға қарай жүгіріп, футболшыны бас салды. Әбүйір болғанда қауіпсіздік қызметі жағдайға уақытында араласты.
Еске салайық, 5 маусымда Бразилия 2022 жылғы әлем чемпионаты іріктеу раунды аясында Эквадорға қарсы ойнайды.