Футбол
28 наурыз 2020 15:36

"Қатты тұншықтым". "Ювентустың" ең қымбат футболшысы коронавирус жұқтырғаннан кейінгі жағдайын айтты

Сурет: FootBoom
Туриндік "Ювентус" пен Аргентина құрамасының шабуылшысы Пауло Дибала жағдайы туралы айтып берді. Футболшы сүйіктісімен бірге коронавирус жұқтырған еді.


"Сиптомдар қатты білінді, бірақ, қазір өзімді жақсы сезінемін. Қазір жүріс-тұрысым қалпына келіп, жаттығуға тырысып жүрмін. Ал ол кезде қатты тұншығып, бес минуттан кейін-ақ ештеңе істей алмай қалған едім. Бұлшық еттерім ауырды. Қазір Ориананың да, менің де жағдайымыз оңалды", - деп келтіреді футболшының сөзін Football Italia мен "Ювентустің"  YouTube арнасына сілтеме жасаған P-Спорт порталы. 

26 жастағы Дибала "Ювентус" сапында  2015 жылдан ойнайды және командадағы ең қымбат ойыншы есептеледі. Transfermarkt мәліметінше, оның трансферлік құны 90 миллион еуро.