Испаниялық қорғаушы Серхио Рамостың мадридтік "Реалмен" келісімшартты ұзарту бойынша келіссөзінің мән-жайы белгілі болды, деп хабарлайды "Чемпионат".
Sport.es мәліметінше, Рамос "Реалдан" каталондық "Барселона" қорғаушысы Жерар Пикенің айлығына тең еңбекақы талап еткен. "Пике сияқты үлкен айлық немесе одан да көп алғым келеді" депті Рамос "Реал" президенті Флорентино Переске.
"Барса" қорғаушысы салығын алмағанда жылына 28 миллион еуро табыс табады екен. Серхио Рамос мұны білген кезде жылдар бойы Пикеден төмен айлық алып жүргеніне өкініпті.