Туриндік "Ювентус" шабуылшысы Криштиану Роналду Италия чемпионатының 12-ші турындағы "Миланға" қарсы матчті толығымен ойнамады.
Туриндіктердің бас бапкері Маурицио Сарри 34 жастағы форвардты 55-ші минутта Пауло Дибаламен алмастырды. Аргентиналық бұл ойында гол сала алды. Ал португалиялық футболшы бапкердің шешіміне наразы болды - алаңнан шығып бара жатып, бапкердің қолын алмады да, бірден киінетін орынға кетті.
Айта кетейік, Сарри осымен Роналдуды ойын ортасында екінші рет алмастырып отыр. Мұның алдында португалиялық шабуылшы Чемпиондар лигасы топтық кезеңі төртінші турындағы "Локомотивпен" матчті толық ойнаған жоқ. Футболшы ол кезде де бапкердің қолын алмады.
Роналдуды екі рет қатар алмастырған ойындар соңғы рет 2016 жылы мамырда болған. Ал өткен маусымда шабуылшы жалпы екі рет қана ауыстырылды.