Катарлық клуб Хавиді "Барселонаға" жіберді

©championat

"Аль-Садд" клубы Хавиді Испанияның "Барселонасына" жіберді, деп жазады Vesti.kz тілшісі катарлық ұжымның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Клуб басшылығы Хавиді "Барселона" тізгінін ұстауға рұқсатын берді. Болашақта испаниялық командамен бірлесіп қарым-қатынас жасау туралы келіссөздер жүргізілді. Хави – "Аль-Саддтың" айнымас бөлшегіне айналды. Біз оған алдағы уақытта жарқын жеңістер тілейміз", - делінген клуб сайтында.

Еске салайық, Хави 1998-2015 жылдары каталондықтардың басты командасында 505 матча алаңға шығып, 58 гол соққан. Осы уақыт аралығында ол Испанияның 8 дүркін және Чемпиондар Лигасының 4 дүркін чемпионы атанды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар