Катардағы ӘЧ ұйымдастырушылары жергілікті қыздарға "қырыңдауға" қатаң тыйым салды

30 қыркүйек 2022 15:08
©FIFA

2022 жылғы Катарда өтетін футболдан әлем чемпионатының ұйымдастырушылары шет елден келетін жанкүйерлерге арналған ережені жариялады, деп жазады RMC Sport порталы. 

Ұйымдастырушылар шет елдік жанкүйерлерге жергілікті қыздарға тиіспеуді талап етті. Сонымен қатар, дұға жасалып немесе намаз оқылған кезде музыканың дауысын қатты шығаруға тыйым салды. 

Ал шет елдік жанкүйер қыздарға аяғы, қолы және кеудесін жабатын ұзын көйлек киюге кеңес айтылған. Бірақ оларға тек көзін ғана ашық қалдыратын дәстүрлі чадра көйлегін киюді міндеттемеді. Ерлерге шолақ шалбар мен тырысып тұратын сым киюге болмайды. 

Айта кетейік, әлем чемпионатын 20 қараша мен 18 желтоқсан аралығында өтеді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар