Катардағы әлем чемпионатында алғаш рет жеңімпаз пенальти сериясында анықталды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
1/8 финал аясында Жапония мен Хорватия құрамалары кездесті. Матчтің негізгі уақыты 1:1 есебімен аяқталды. 43-минутта Дайзен Маэда жапондарды алға шығарды. Ал екінші таймда Иван Перишич баспен дәл соққы жасап, таразы басын теңестірді.
Бірақ матч соңына дейін командалар есепті өзгерте алмады. Экстра-таймдарда да жеңімпаз анықталмады.
Сондықтан футболшылар матчтен кейінгі пенальти сериясына көшті. Ал мұнда хорват футболшыларының жолы болды - 3:1.
Осылайша, Хорватия құрамасы ширек финалға жолдама алды.