Катардағы ӘЧ-ге қанша билет сатылғаны белгілі

©Reuters

Халықаралық футбол қауымдастығы (ФИФА) Катардағы футбол тойына қанша билет сатылғанын жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Билетті көп сатып алған елдердің арасында Катар, АҚШ, Сауд Арабиясы, Мексика, БАӘ, Франция, Аргентина, Бразилия және Германия елдерінің жанкүйерлері бар.

Ал 5 шілде мен 16 тамыз аралығы 520- 532 билет сатып алынған. Жанкүйерлерге ең тартысты ойындар топтық раундта болады деп күтілуде.

Камерун – Бразилия, Бразилия – Сербия, Португалия – Уругвай, Коста-Рика – Германия, Аустралия – Дания матчтарында қазірдің өзінде бос орындар жоқ.

Еске салайық, биылғы әлем чемпионаты 20 қараша күні басталып, 18 желтоқсанда мәресіне жетеді.  

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар