Катардағы ӘЧ-де тағы бір сенсация болды

©

Марокко құрамасы әлем чемпионатында сенсация жасап, Бельгияны ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

2018 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері бельгиялықтар 2-турда Мароккоға қарсы кездесуде айқын фаворит саналған. Бірақ африкалық құрама күтпеген жерден жеңіске жетті. 

Бірінші таймның соңына қарай Хаким Зиеш гол соққан, ол кезде марокколық ойыншы офсайдта қалып, доп есепке алынбады.

Ал екінші таймда Марокко футболшылары жауапсыз екі гол соғып тастады. 73-минутта Әбделхамид Сабири есеп ашты. Ал негізгі уақыттың қосымша минуттарында Закария Абухлял Марокконың екінші голын соғып, матч нүктесін қойды. Қорытынды есеп - 2:0.

Осы ойыннан кейін Марокко құрамасы 4 ұпаймен көш бастады. Екінші орындағы Бельгияда үш ұпай бар.

Бұған дейін Аргентина күтпеген жерден Сауд Арабиясынан ұтылған еді, ал Германия құрамасы жапон футболшыларына жол берген болатын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport