Катардағы ӘЧ-де салынған ең мықты гол белгілі. Еуропалық жұлдыздар үштікке де кірмепті

8 желтоқсан 2022 10:09
©

ФИФА Катарда өтіп жатқан әлем чемпионаты 1/8 финалындағы ең күшті және допты барынша алысқа ұшыратын тепкісі бар футболшылардың ондығын атады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл рейтингте Сауд Арабиясы қақпасына 29 метрден гол салған мексикалық Луис Чавес бірінші тұр. Оның тепкен добы сағатына 121,69 шақырым жылдамдықпен ұшқан. 

Бұл тізімде Криштиану Роналду тек төртінші. Оның Гана қақпасына салған добы он бір метрлік айып алаңынан болды, ал ұшу жылдамдығы сағатына 117,39 шақырым. Ал тағы бір әлемдік футбол жұлдызы Килиан Мбаппе тіпті сегізінші орында. Оның Польша қақпасына салған голы 18 метрден тебіліп, сағатына 113,74 шақырым жылдамдықпен ұшқан. 

Айта кетейік, әлем чемпионатының ресми добы осындай мәліметтерді жинауға ыңғайландырылған. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: