Катардағы ӘЧ-де салынған ең мықты гол белгілі. Еуропалық жұлдыздар үштікке де кірмепті
ФИФА Катарда өтіп жатқан әлем чемпионаты 1/8 финалындағы ең күшті және допты барынша алысқа ұшыратын тепкісі бар футболшылардың ондығын атады, деп хабарлайды Vesti.kz.
ФИФА Катарда өтіп жатқан әлем чемпионаты 1/8 финалындағы ең күшті және допты барынша алысқа ұшыратын тепкісі бар футболшылардың ондығын атады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бұл рейтингте Сауд Арабиясы қақпасына 29 метрден гол салған мексикалық Луис Чавес бірінші тұр. Оның тепкен добы сағатына 121,69 шақырым жылдамдықпен ұшқан.
Бұл тізімде Криштиану Роналду тек төртінші. Оның Гана қақпасына салған добы он бір метрлік айып алаңынан болды, ал ұшу жылдамдығы сағатына 117,39 шақырым. Ал тағы бір әлемдік футбол жұлдызы Килиан Мбаппе тіпті сегізінші орында. Оның Польша қақпасына салған голы 18 метрден тебіліп, сағатына 113,74 шақырым жылдамдықпен ұшқан.
Айта кетейік, әлем чемпионатының ресми добы осындай мәліметтерді жинауға ыңғайландырылған.
The most powerful goal so far at #Qatar2022? Luis Chávez's strike against @SaudiNT for @miseleccionmx ?
— FIFA.com (@FIFAcom) December 7, 2022
The Al Rihla, @adidas' official ball for the #FIFAWorldCup, contains technology to help track data at the tournament.
Find out more:
Жарнама