Футбол
20 қараша 2022 22:00

Қатарда футболдан Әлем чемпионатының ашылу салтанаты өтті

©FIFA

Қатардың Эль-Хаур қаласындағы "Әл-Байт" стадионда 2022 жылғы әлем чемпионатының ашылу салтанаты өтті, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

60 мың жанкүйерге арналған стадионда болған шарада жанкүйерлер атақты актер Морган Фриманның монологын көрді. Содан соң әлем чемпонатына қатысатын елдердің тулары ортаға шығарылды. 

Кейін Азия аймағында аса танымал әнші Чонгук өз әнін орындады. 

Соңында Қатар елінің басшысы алғысөзін айтып, әлем чемпионатын ресми ашты. 

Еске салайық, әлем біріншілігінің беташар кездесуінде Қатар Құрамасы Эквадорға қарсы ойнайды. Бұл кездесуді Qazsport тікелей эфирде көрсетеді. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport