Катар құрамасы тарихта болмаған антирекорд жасады

©FIFA

Нидерланд құрамасы Катардағы әлем чемпионатының плэй-офф кезеңіне жолдама алды. Ал Катар құрамасы антирекорд жасады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

3-турда нидерландтықтар турнир қожайыны Катармен кездесті. Катар футболшылары 2-турдан кейін плэй-оффқа шығу мүмкіндігінен айырылған еді.

Ойынның 26-минутында Коди Гакпо гол соқты. Ал Екінші таймның басында Френки Де Йонг көзге түсіп, Нидерланды 2:0 есебімен жеңіске жетті.

Осы жеңістен кейін Нидерланды құрамасы 7 ұпай еншілеп, топта бірінші. Ал Катар құрамасы соңғы орын алып, ешқашан болмаған антирекорд орнатты. Команда турнир қожайыны бола тұра, үш ойында да жеңілген алғашқы құрама атанды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport