Катар құрамасы әлем чемпионатындағы алғашқы голын соқты. Бірақ бұл ұпай алуға жетпеді

©FIFA

Сенегал құрамасы әлем чемпионатындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Екінші турда олар турнир қожайыны Катарды ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

А тобында бірінші турда жеңілген екі құрама "Әл-Тумама" стадионында күш сынасты. Кездесудің 41-минутында Булайе Диа сенегалдықтарды алға шығарды.

Екінші тайм бастала сала Фамара Дьеду есепті ұлғайтты. Дегенмен 78-минутта Мохаммед Мунтари есеп айырмасын қысқартты. Бұл - Катар құрамасының әлем чемпионатындағы алғашқы голы.

Алайда турнир қожайыны таразы басын теңестіре алмады. Керісінше, 84-минутта үшінші голын жіберді. Бұл жолы сенегалдық Бамба Дьенг көзге түсті. Қорытынды есеп - 3:1.

Осылайша, Сенегал құрамасы 2-турдан соң алғашқы жеңісіне жетті. Осы ойыннан кейін африкалық құрама үш ұпаймен үшінші орынға көтерілді. Ал әлі ұпай жинай алмаған Катардың топтан шығу мүмкіндігі тым аз.

А тобының үшінші турдағы ойындары 29 қарашада өтеді. Эквадор мен Сенегал күш сынасса, Катар топ фавориті Нидерландпен кездеседі. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар